Оңтүстік Кореяда төбелес болып, Қазақстан азаматы зардап шекті

Pixabay
Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматының барлық құжаты түгелі әрі заңды.

Оңтүстік Кореяның Кимхе қаласындағы жаппай төбелестің видеосы желіде пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бірге бір" деп басталған төбелес бір күн болған, төбелескендер арасында Ресей, Қазақстан және ТМД елдерінің азаматтары болып табылатын этникалық кәрістер де бар.

Bad News 18+ Telegram-арнасының хабарлауынша, олар төбелеске бейсбол тоқпағы мен гольф таяғын алып шыққан.

29 жастағы қазақстандық пен 32 жастағы қырғыз азаматы ауыр жарақат алды. Полиция 18 адамды ұстады, қалғандары іздестіріліп жатыр.

Оқыс оқиға туралы бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады.

- Корейлік тараптың айтуынша, жаппай төбелес болған, онда біздің елдің бір азаматы зардап шеккен. Біздің дипломаттар полициямен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Барлық факті нақтылануда, - деді ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматының барлық құжаты түгелі әрі заңды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған