Алматыда Грузия азаматы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

112 Украина
Заңсыз ойынхананы қызметкерлер жедел-тергеу іс-шарасы барысында кала шетінен анықтады.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы қаласы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 1991 жылы туған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Заңсыз ойынхананы қызметкерлер жедел-тергеу іс-шарасы барысында кала шетінен анықтады. Тергеу аясында қала тұрғынының Грузия елінің тумасы екендігі, Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар екені дәлелденді. Ол аса ірі көлемде, 29,6 миллион теңгеден астам сомада табыс әкелген астыртын бизнес - электронды казино жұмысын жүргізіп келген.

Үй-жайды тексеру барысында ЭТД қызметкерлерімен 7 ойын терминалы, тыйым салынған бизнес түрін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, атап айтқанда, ставкаларды қабылдауға, ұтыстарды есептеу мен беруге қолдау көрсететін онлайн ойындардың 39 компьютерлік техника қосымшалары тәркіленіп алынды.

Сот үкімімен айыпталушы ҚР ҚК 307 бабының 3 б., 2 т. (аса iрi мөлшерде табыс табу үшін заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сәйкес кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты