"Астана Раушан кассасы айналымы" қаржы пирамидасы болып шығып, ел шулап жатыр

kabar.kg
Елорда азаматы құрған бұл қаржы пирамидасына мыңнан аса адам тартылып, алаяқтық құрбаны болған.

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің "Нұр-Сұлтан" экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында "Астана Раушан кассасы айналымын" деп аталатын қаржы пирамидасының заңсыз әрекеттерін жолын кескен, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бұл пирамиданы алдау арқылы жеке адамдардан ақша тартқан елорда тұрғыны 2020 жылдың қаңтарында құрған. Қаржы пирамидасы құрылған сәттен бастап Қазақстан Республикасының мыңнан астам азаматы оның құрығына ілінген, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің ҚМК.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 217-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша (ірі көлемдегі ақшаны пайдаланатын пирамида схемасын құру және басқару) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жоғарыда аталған пирамиданың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендерден Нұр-Сұлтан қалалық экономикалық тергеу департаментіне (Желтоқсан көшесі, 43, тел 31-61-45, ұялы тел. 8-701-218-5318, 8-701-888-9316) хабарласу сұралады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған