Шымкентте әскери бөлімнен ұрланған қару-жарақ ісіне байланысты сот басталды

Отырар ТВ
Күдіктілердің алтауы уақытша тергеу изоляротында қамауға алынса, қалған екеуі әзірге бостандықта жүр.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы әскери бөлімнен ұрланған қару-жарақ ісіне байланысты Шымкентте алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды Отырар.

Бұл іске қатысы бар деген күдікпен 8 адам жауапқа тартылып отыр. Күдіктілердің алтауы уақытша тергеу изоляротында қамауға алынса, қалған екеуі әзірге бостандықта жүр.

Алғашқы, сот отырысында прокурор бостандықта жүрген екеудің бірі қамалсын деп сотқа арыз берді. Енді оның жауабы ертең анықталмақ. Еске сала кетейік, атышулы оқиға осы жылдың ақпанында орын алған еді. Әскери бөлім қызметкері Абылай Балғымбай қару-жарақ тасуды қаңтарда бастаған екен.

Осы уақытқа дейін ол 46 қаруды қолды етіп үлгерген. Оның 29 автомат, 16 Макаров пистолеті, 1 Стремир тапаншасы. Қазіргі болжам бойынша, ол тапаншаны қалада сатқан. Және жауапқа тартылған 7 азамат сол қаруды сатып алғандар болуы мүмкін.

Айта кетейік, қылмыстық іс 5 бап бойынша қаралып жатыр. Олар: ҚР ҚК 447-баптың 2-бөлігі, 291-баптың 3-бөлігі, 287-баптың 4-бөлігі, 442-баптың 2-бөлігі, 28-баптың 5-бөлігі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды