Қостанай қаласының әкімі отставкаға кетуі мүмкін

kstnews.kz
Оның қол астындағы бірнеше лауазымды тұлға тергеуге алынған.

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов орынбасарының тергеуге алынуына байланысты қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Қостанай облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдіктің бірқатар лауазымды адамдарына қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізіп жатыр. Олар дүкен құрылысы мен ғимараттың сәулет-жоспарлау жобасына рұқсат беру үшін жер учаскесінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертіп, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

23 шілдеде Қостанай қаласы әкімінің өкімімен тергеуге алынған Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Финк теріс қылықтарына байланысты мемлекеттік қызметтен босатылды.

- Егер оның кінәсі сотта дәлелденсе, онда күнтізбелік он күн ішінде қала әкімі Қайрат Ахметов отставкаға кетуге мәжбүр болады, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Сонымен қатар, Қостанай облысы әкімінің өкімімен білім бөлімінің бастығы Цымбалюк те қызметінен босатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады