Рудныйда ерлі-зайыптылар үйінен өлі табылды

Сурет: zakon.kz
Тергеу барысы облыстық прокуратураның бақылауына алынды.

Арнайы тергеу-жедел тобы Рудный қаласындағы екі адамның өліміне байланысты қылмыстық істі ашуға жұмылдырылды. Әзірге, қылмыскердің ізіне түсу мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды zakon.kz.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 18 тамызда сағат 11.48-де Рудный қаласының учаскелік полициясының "102" пультіне түскен хабарлама бойынша тексеруге барған жедел топ жеке үйден 53 жастағы ер адам мен оның 43 жастағы әйелін өлі тапты. Оқиға орнына жүргізілген сараптама нәтижесіне сәйкес, марқұмдардың зорлық-зомбылықпен өлтірілгендігі анықталды.

Аталған факті бойынша 99-баптың 2-бөлігі, "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта осы қылмысты ашумен айналысатын арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, - деді аймақтық ПД басшысы Нығмет Ысмағұлов.

Тергеу барысы облыстық прокуратураның бақылауына алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды