Кеше түнде Шахтинск қаласында жас жігіт пышақтап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
patriotkaragandy ресурсының хабарлауынша, марқұм 24 жастағы спортшы болып шықты. Түнде жергілікті тұрғындар айқай-шуды, атылған оқ үнін, ұрыс-керісті естіген.
- Бүгін, 20 тамызда, түнгі сағат 01.00-де 24 жастағы қала тұрғыны пышақ жарақатымен Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы , "Кісі өлтіру" бойынша тергеу басталды, - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.