Қырғызға тиген қазақ қызы қайын атасынан көрген қорлығын айтты

Yahoo News
Дегенмен қайын ене мен қайын апайы жас келінге қол тигізбегендерін айтып, азар да безер. Ал күйеу бала қызғаныштан болған жанжалдан соң қалындығына қол көтергенін мойындапты.

Қырғызстанда күйеуі және ата-енесімен бірге тұрған 19 жастағы қазақстандық қыз зорлық-зомбылық құрбаны болғаны туралы мәлімдеді. Қырғыздың Токмак қаласынан Қазақстанға оралған қыздың әкесі полицияға шағым түсірді, деп хабарлайды zakon.kz baigenews.kz-ке сілтеме жасап.

Қыздың өз бетімен 11 тамызда полицияға шағым түсіргені хабарланған. Ол күйеуінің туыстары өзіне үнемі қол жұмсап, ал қайынатасы суық әрі қараңғы жертөлеге қамап, тамақ бермей ұзақ ұстайтынын айтқан.

Шу ауданының полиция қызметкерлері жас келіннің әр отбасылық жанжалдан соң жертөлеге қамалып отырғанын анықтады. Жертөленің есігі жабылмаған, бірақ жас келін рұқсатсыз ол арадан шығуға қорыққан.

Басылым бұл факті құқық қорғау органдарында тіркелгенімен, полиция тергеуді бастаған жоқ деп жазады, өйткені қазақстандық қыз әкесінің келуін күтіп, одан әрі қарай не істеу керектігін сол кезде шешетінін айтқан. Енді бұл іс "Бұзақылық" бабы бойынша тергелетін болады.

- 19 жастағы қыздың әкесі барлық кінәлілерді жауапқа тартуға тас түйін кірісіп отыр, сонымен бірге ол тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарынан бұрын үйленіп, ажырасқан күйеу баласына қарсы арыз жазатынын да айтты, - деп жазады басылым қауіпсіздік күштеріндегі өз дереккөздеріне сілтеме жасап.

Дегенмен қайын ене мен қайын апайы жас келінге қол тигізбегендерін айтып, азар да безер. Ал күйеу бала қызғаныштан болған жанжалдан соң қалындығына қол көтергенін мойындапты. Сараптама қыздың денсаулығына жеңіл-желпі зақым келгенін растады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі