Жақында ірі көлемде пара алу кезінде ұсталған "Қара бүркіт" түрмесінің басшысы Арман Әбілевтің туысы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz TobolInfo-ға сілтеме жасап.
Әйел өзінің тегі мен есімін толық жариялаудан бас тартты, сонымен бірге жүзін де көрсеткісі келмеді, өйткені ол заң бойынша проблема туады деп емес, өз қауіпсіздігі үшін қорқатынын айтады.
26 тамызда Қостанай облысы бойынша УК-161/3 - төтенше қауіпсіздік мекемесінің бастығы Арман Әбілев ұсталды. Ол сотталушыға түрмеде қамқорлық көрсетіп, қолдауы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді. Арман Әбілевтің әпкесінің мәлімдемесіне сөзбе-сөз тоқталсақ:
- Мен Арман Әбілевтің үлкен әпкесімін. Көрдіңіздер ғой, оны ұстап әкетті, айыптап жатыр, ал шын мәнінде оның түк кінәсі жоқ шығар. Ол желтоқсан айында ғана басшы болып тағайындалды, содан бір ай өтпей жатып, осы жылдың қаңтар айында бізге, отбасына өзін біреулер жұмыстан кетіркісі келіп жүргенін айтып, соған байланысты мазасы жоғын айтты. Осылай ғана, бер жағын меңзеп, біз оны ары қарай қазбалап сұрамадық, бірақ бұл туралы анамыз, мен және әйелі білетін. Ол араның өз жүйесі барын, қиын екенін, жұмыстың ауырын, қызғаныштың да көбін айтты. Әрине, түрмедегі жұмыс өте қиын. Оны естіп отырып, аяйтынбыз, көңіліміз бұзылатын. Бірақ ол соған қарамастан жұмысын тастамады. Өйткені зейнетке шығуына аз уақыт қалған, сондықтан әйтіп-бүйтіп шыдай тұрайын деген. Бірақ, көрдіңіздер ме, шыдатпады. Оның бір проблемасы болды. Соңғы кездері көп ішетін болған. Кейде үйге келмей, жұмыста қалып қоятын, өйткені жұмысы сондай, күндіз-түні сол жерде болуын талап етеді. Үйге жиі мас болып келетін.
Оның айтуынша, ұсталған күні де Арман ішімдік ішкен.
- Мас адамды алдау өте оңай. Мүмкін оның сол ақшаға қолы тиген шығар, бірақ не істеп жатқанын өзі де түсінбеуі мүмкін ғой. Онда жүйе қиын. Әрине, мұны бәрі алдын-ала білген. Егер олар айтқандай, үнемі тексерулер жүргізіліп отырса, неге оның мас болғанын тіркемеген, сол үшін де жұмыстан шығаруға болатын еді ғой. Олар мұны тек ұсталған кезде ғана айтып жатыр, - деді ол.
Арман Әбілев тұтқындағаннан кейін туған ағасына қарғыс атқыр әлгі ақшаны алмағанын айтып үлгерген.
- Өте қорқынышты, мен қорқамын. Оны жұмыста ұнатпады, бірақ пара алуы мүмкін емес. Шын мәнінде, ол арада не болғаны бір Құдайға ғана аян, - дейді экс-түрме бастығының әпкесі.
Сонымен қатар ол інісін тергеу изоляторында ұрып-соғып, содан кейін жүрегі қысылып қалғанын да айтты.