Тегін диагностика. 600 шымкенттікті алдап соққан алаяқтарға сот үкімі шықты

Шетелдік азаматқа 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал клиникада жауапты қызмет атқарған үш адамның бірі 6 жарым, тағы екеуі 5 жарым жылға сотталды.

Шымкентте халықты алдап, қабылдаған емхана қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Басты фигурант, қамауда отырған ресейлік азамат үкімді онлайн естіді. Сотта келтірілген деректерге сүйенсек, табыс табудың жолы алдын ала жақсылап ойластырылған, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл арада жалған медициналық клиникалар желісі құрылған, деп хабарлайды "Хабар-24".

Шетелдік азаматқа 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал клиникада жауапты қызмет атқарған үш адамның бірі 6 жарым, тағы екеуі 5 жарым жылға сотталды.

Мыңдаған адамды тақырға отырғызғандардың ісі 9 ай қаралды. Кеткен шығынды өндіру туралы арыз бергендердің саны 600-ден асады. Алданған халықтың әділет іздеп жүргендеріне бір жарым жылдан асыпты.

Көбі тегін диагностика жасап, сырқатыңнан сауықтырып беремін деген емдеу мекемесі өкілдерінің жарнамасына сенген. Тіпті қаржысы болмағандарға шұғыл түрде несие алып беріп көмектескен көрінеді. Сан соғып қалғандардың дені 250 мыңнан 500 мың теңгеге дейін қарызданып қалған.

Жәбірленушілердің көптігі сонша, сот процесіне қатысуға келгендер бірнеше залға бөлініп, отырғызылды. Алайда сотталушылардың қорғаушылары сот шешіміне қанағаттанбай отыр.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: