Алматыда ескертуді елемей, дәріні қымбатқа сататын дәріхана жабылып тынды

rossaprimavera.ru
Дәріхананың фармацевтикалық қызметке арналған лицензияның күші 1 айға жойылды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты фармацевтикалық қызметпен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды zakon.kz.

"А" ЖШС бұрын әкімшілік кодекстің 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір жыл ішінде дәрі-дәрмектерге белгіленген шекті бағадан асыра сатуға бірнеше рет жол берген. Серіктестік ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі "Бөлшек және көтерме саудада өткізуге арналған препараттың сауда атауының шекті бағаларын бекіту туралы" бұйрығын бұза отырып, "Кардиомагнил" препаратын (150 мг No100) 2 115 теңгеден сатты. Бұл факт 2020 жылғы 28 шілдедегі рейдтік тексеру кезінде анықталды, - деп хабарлады Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты.

ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік жазаға тартылды, яғни фармацевтикалық қызметке арналған лицензиясының күші 1 айға жойылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты