Жас қыздар массаж жасайтын жасырын салонды Нұр-Сұлтан полицейлері тауып алды

Лента новостей Винницы
Ақша үшін салондағы қыздар массаж ғана емес, интим қызметтерді де қымсынбай көрсете салады.

Нұр-Сұлтанда "Учаске" деген алдын алу шарасы аясында түнгі қаланы тінтіп жүрген полицейлердің қырағы көзі Темірқазық көшесіндегі коттеджге түсті, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында бұл коттедждің массаж қызметін ұсынатын қыздарға жалға берілгені ашылды. Салондағы қыздар қалталы клиенттеріне массаж ғана емес, интим қызметтерді де қымсынбай көрсете беретіні анықталды.

Салонның иесі 26 жастағы бойжеткен екен. Оған қатысты үй-жайын жезөкшелікпен айналысу мақсатында жалға бергені үшін ӘҚБ Кодексінің 450 бабы бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, ол карантиндік режим талаптарын бұзған.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті карантинді сақтамау коронавирустың таралуы қауіпін тудыратынын және карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты