Атырауда мұнай зауытынан өзенге түскен қалдықтар жергілікті халықты шошытты

видеодан алынды
Зауыттың биотазалау жүйесінде ақау болған.

Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) биологиялық тазарту құрылғылары жұмысында ақау орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

"АМӨЗ" ЖШС бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

- Бүгін, 1 қарашада биологиялық тазарту қондырғыларының жұмысында ақау орын алып, биологиялық қалдықтың стандартты тазартылған ағынды суға қосылып кетуіне әкеліп соқты. Қазіргі уақытта технологиялық режимді реттеу жұмыстары жүргізілуде, - деп атап өтті "АМӨЗ" ЖШС-ның қоғаммен байланыс бөліміндегілер.

Бұл жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

"Ағынды суларды тазарту сапасын жақсарту мақсатында зауыт 2019 жылы тазарту жүйелерін қайта жаңғырту бойынша жобалау жұмыстарын бастады, қазіргі уақытта алаңдарды дайындау және жабдықтар сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны аяқтау 2022 жылғажоспарланған", - деп толықтырды зауыттағылар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады