БҚО әкімі жолдағы елес қыз туралы мәліметті полицияға тексеруді тапсыратынын айтты

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде Қаратөбе ауданы, Ханкөл ауылында жолда ақ киімдегі қыздың елесі пайда болғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев ауыл тұрғындары жолда пайда болатын қыздың аруағынан қорқады деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Брифингте аймақ басшысына осы аптада Батыс Қазақстан облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше назарын аудартқан мәлімет айтылды. Бұл өңірдегі ауылдардың бірінде жол бойында қыздың елесі кезіп жүреді-мыс, ол көлік жүргізушілеріне кедергі келтіретінін көрінеді деген.

- Ондай ешқандай проблема болмауы керек, өйткені біздің құқық қорғау органдары күн сайын таңертең тұрғындарымызды не мазалайтыны немесе қандай проблемалар туындағаны туралы маған есеп беріп отырады. Бірақ онда мұндай мәліметті кездестірмедім. Демек, бұл сенімсіз ақпарат немесе біреудің қалжыңы, - деп жауап берді бұған облыс басшысы.

Дегенмен әкім бұл мәліметті полицияға тексеруді тапсыратынын айтты.

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде Қаратөбе ауданы, Ханкөл ауылында жолда ақ киімдегі қыздың елесі пайда болғаны туралы ақпарат тарады. Адамдар елесті көргендерін айтып, тіпті дауыстық хабарламалармен бөлісіп, кейбір желі топтарында Ханкөл ауылының маңында түсірілген видеолар да пайда болды. Елестен қорыққан ауыл тұрғындары малды құрбандыққа шалу туралы шешім қабылдапты. Елдің сөзіне қарағанда, елес тек жол кезіп қана қоймай, тоқтаған көліктерге де отыратын көрінеді. Қасында бір кемпірдің бары да айтылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: