Аягөздегі балалар өліміне қатысты тергеу қорытындысы жарияланды

Сурет: zakon.kz
Тергеу барысында эксгумация және екі мәрте комиссиялық сот-медициналық сараптамасы өтті.

ШҚО прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының басшылық етуімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Аягөз қаласында орналасқан арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында тәрбиеленушілердің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізген, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу барысында эксгумация және екі мәрте комиссиялық сот-медициналық сараптамасы өтті. Комиссия құрамына балалар инфекционисті, кардиолог, анестезиолог – реаниматолог, нейрохирург, педиатр, Нұр-Сұлтан қаласынан гистолог-сарапшылар және Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздік сапасын бақылау комитетінің мамандары қатысқан.

Сараптама қорытындысына сәйкес, балалардың өлімі өкпе фиброзы, екі жақты іріңді бронхолық пневмония сияқты жанама аурулардың салдарынан болған.

Шынымен, мәйіттерді тексеру барысында үш балада, осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған дене жарақаттары анықталды, алайда аталған дене жарақаттарының балалар өлімімен байланысы жоқ.

Осыған байланысты, ауыр дене жарақаттарын алу фактісі бойынша қылмыстық істер бөлек өндіріске шығарылып, ары қарай тергеу үшін Полиция департаментіне жолданған.

Қазіргі уақытта Тергеу басқармасымен аталған дене жарақаттарын алу жағдайын анықтауға бағытталған бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында тәрбиеленушілерге тиісті медициналық көмек көрсетпеу фактісі бойынша қылмыстық іс арнайы прокурорлармен сотқа жолданған.

­­­Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады