Алматыда Hyundai автокөлігі адам қағып өлтірді

zakon.kz
Оқиға орнында жүрген полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауда.

Алматыдағы Сейфуллин даңғылында, Ақан Сері көшесімен қиылыс тұсында жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сейфуллин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі 1987 жылы туған жігітті қақты. Қатты соққыдан ер адам 50 метрден астам жерге дейін ұшып түсті.

Марқұмның жанында екі досы болған екен. Олардың сөзінше, үшеуі жолды бағдаршамның жасыл шамына өтпек болған. Бірақ қатты жылдамдықпен келе жатқан көлікті екі-үш қадамға алға озған досы байқамай қалыпты.

Қатты соққыдан ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға орнында жүрген полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі