Алматыда сүйіктісіне ерегескен бозбала дүкен төбесінен секірмек болды

polisia.kz
Оны полиция қызметкерлері құтқарып қалды.

Алматыда 21 жастағы бозбала сүйіктісі өз ұсынысын қабыл алмағаны үшін өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас жігіттің ұсынысынан қыз бірнеше рет бас тартқан, сондықтан ол өз сүйіктісі жұмыс істейтін дүкеннің төбесіне шығып, секірмек болған.

Кешкі сегізде өзін-өзі өлтіруге әрекеттенген жігіт оқиғасына көп куәгерлер жиналды.

Біз сылбырлыққа салынбай, тез әрекет етуге бел будық: екі жаққа бөлініп, төбеге көтерілдік, - деді Алматы қаласы ПД Патрульдік полиция полкінің инспекторы Абылайхан Оқас. Әріптестерім баспалдақпен көтерілді, ал мен болмас билбордқа жабысып, жоғарыға өрмеледім, - дейді патрульдік полиция қызметкері.

Алматы қалалық Патрульдік полиция полкінің полиция қызметкерінің айтуынша, ол жігіттің назарын өзіне аударуға тырысқан.

- Бірақ мен жақындаған сайын жас жігіт өршеленіп, шынымен де секіруге әрекет жасай бастады. Сол сәтте шығыс жақтан көтерілген әріптесім оны артынан ұстап алып, шатырға қайта сүйреп тартты, - дейді Ақберген Төлегенов.

Осылайша жігіттің ойға алғаны орындалмады, ол аман-есен жерге түсірілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

24 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды