Мына жігіт алматылықтарды 400 млн теңгеге тақырға отырғызған

polisia.kz
Сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

Алматыда азаматтарды 400 миллион теңгеге тақырға отырғызған адам ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

43 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тумасы 2014 жылдан бастап алматылықтарды алдап, ақшасын заңсыз алып келген.

"Хан Тәңірі" тұрғын үй кешенінен "жалға берілетін баспана" мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға, сондай-ақ тәркіленген жер учаскелері мен көліктерді электронды аукциондардан арзан бағамен сатып алуға көмектесе аламын" деген желеумен ол бірқатар адамның сеніміне кіріп, олардың қомақты қаражатын иемденген, келтірілген материальдық шығын көлемі - 400 миллион теңгеден асады, - делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында.

Сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

- Тергеу жалғасуда. Біз осы адамның заңсыз әрекеттері салдарынан зардап шеккендер болса, мына мекен-жайға хабарласауын сұраймыз: Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 55, Алматы қалалық ПД, ІІБ, АППБ Ішкі істер басқармасы аға тергеушісі И.Г.Литвиненко. Телефон нөмірлері: 261-84-90, 254-40-59 және 8-775-284-55-56, - ​​дейді Алматы қаласы ІІД Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Әділ Салаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды