Қарағанды облысында жарылыстан зардап шеккендердің ішінде көп балалы ана да бар

видеодан алынды
Балаларым: "Анамыз қашан келеді" деп сұрайды. Не айтарымды білмеймін - зардап шегушінің жолдасы.

Қарағанды облысында болған жарылыстан жапа шеккендердің арасында бес баланың анасы бар. Қазір ауруханада ем-дом алып жатқан әйелдің жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалап отыр, деп хабарлайды zakon.kz Астана ТВ-ға сілтеме жасап.

Ал қалған екі жұмысшының өміріне қауіп жоқ.

Еске салайық, кеше түс ауа Топардағы екінші жылу электр орталығында қазандықтың құбыры жарылған болатын. Осының салдарынан температурасы 500 градустан асатын ыстық бу сыртқа атылып, сол маңайдағы 4 адамды күйіп қалды. Одан бөлек, 62 жастағы дәнекерлеуші оқиға орнында қайтыс болды. Қалғандары дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Арасында отын-турбина цехінің машинисті де бар. Күйіп қалған әйел шиіттей бес баланың анасы.

Сергей НЕСТЕРЕНКО, ЖОЛДАСЫ:

- 20 жылдың ішінде келіншегімде мұндай апаттар болған емес. Кеше алғаш рет болды. Балаларым "Анамыз қашан келеді" деп сұрайды. Не айтарымды білмеймін. Тамақ пісіріп, көңілдерін басқа нәрсеге аударуға тырысамын.

Топар ауылының қасындағы екінші жылу электр орталығы 60 жыл бұрын бой көтерген. Нысан Қазақмыс корпорациясына тиесілі. Бұл кәсіпорын ірі өндірістермен қатар, Абай қаласының 250 көпқабатты үйі мен Топар ауылының жүзден астам баспанасын жылумен қамтып отыр. Компания өкілдері мұнда бұрын-соңды апаттың болмағанын айтады. Қазір төтенше жағдайды зерттейтін арнайы комиссия құрылған. Айта кету керек, жарылған қазандықтың жылу маусымы басталмай тұрып, тексеруден өткен.

Ұлантай ҮСЕНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Жарылған бу құбырына қатысты тергеу жүргізіледі. Энергобақылау комитетімен бірге барлық құжаттар тексеріліп, апаттың себебі анықталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды