Атырау мұнай зауытына қатысты қылмыстық іс қозғалды

видеодан алынды
Суды ағызуға кім себепші болды, кім тапсырма берді, оны тергеу ісі анықтайтын болады.

Қоршаған ортаны ластады деп айыпталған Атырау мұнай өңдеу зауыты әкімшілік айыппұлмен құтылмайды. Кәсіпорынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты облыстық полиция растап отыр. Мәселе ағынды суға төгілген мұнай қалдықтарына қатысты болып тұр. Еске сала кетейін осы қараша айында, мұнай зауыты сарқынды суға қалдықтар ағызып жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған. Артынан экологтар арнайы тексеріс жүргізіп, зауыттың экологиялық талаптарды белшесінен басқанын дәлелдеді.

Сырым ТІЛЕГЕНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Тексеріс барысында анықталған бұзушылықтардың салдарынан қылмыстық жаза әрекеттері бар болған жағдайда біз Полиция департаментіне жолдауға міндеттіміз. Сол себепті материалдар полиция департаментіне жолданып, қылмыстық іс жүргізілуде. Суды ағызуға кім себепші болды, кім тапсырма берді, оны тергеу ісі анықтайтын болады.

Полиция департаментінде, қылмыстық кодексте көрсетілген "Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу" бабы бойынша іс қозғалғаны расталды. Осы күнде арнайы сараптама тағайындалған. Зауыт басшылығы болса іш ара қызметтік тергеу жүргізіп, айыптыларды тапқан көрінеді. Таратылған деректерге қарағанда зауыт, қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығын лауазымынан босатып, тағы 5 маманға сөгіс жариялапты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент