ҰҚК Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленуіне қатысты істі тергеп жатыр

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 16:16 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының прокуратурасы жолды реконструкциялау жобасын әзірлеу кезінде бюджет қаражатының заңсыз жұмсалғанын анықтады. Істі ҰҚК-нің Алматы қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 10 қарашада қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Алматы қаласының Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы мердігерге жобалау-сметалық құжаттама үшін 202 млн теңге төлегені анықталды. Құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтпеген, сондықтан жобаны іске асыру мүмкін емес", – деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.

Бұдан бөлек, тапсырыс беруші мердігерден тұрақсыздық айыбын және шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өндіріп алмаған. Олардың жалпы сомасы – 27 млн теңге.

"Прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы („Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", – делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес іске қатысты өзге деректер жария етуге жатпайды.

2026 жылғы 9 қарашада Алматы – Өскемен тасжолын жөндеуге қатысты 115 млн теңгелік дау туындағаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: