Тоқаев ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директорын тағайындады

Тоқаев ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директорын тағайындады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2025 17:18 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директорын тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.

2025 жылғы 30 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев "Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шаралары туралы" жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Президент Антикорды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы қайта құруды тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: