Қапшағай қаласы Полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі мезгілде әкімшілік аумақты автопатрульдеу кезінде саяжайларға баратын жолда қозғалыссыз жатқан адамды байқаған. Жедел қасына келгенда оның масаң күйде болғаны және денесінде үсік шалу белгілері бар екені белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Саяжайларға баратын жолдағы көпірдің астында жатқан адамның сұлбасын байқап қалдық. Далада қатты аяз тұрған. Жатқан адамның қолынан үсік шалу белгілерін көріп, бірден сол жерге жедел жәрдем шақырдық. Дәрігерлер тұрғынды ауруханаға алып кетті", - деді №258 экипаждың мүшесі полиция кіші лейтенанты Әділбек Жүнісханов.
43 жастағы тұрғын Қапшағай қаласының жергілікті ауруханаға жеткізілген. Оған алкогольдік масаңдық және дененің қатты мұздауы диагнозы қойылған. Бірнеше сағаттан кейін тұрғын емделу үшін өз еркімен үйінде жіберілген.
Өз кезегінде полицейлер қысқы мезгілде балалар мен масаң күйдегі адамдарды далаға бақылаусыз жіберудің қауіпті екенін ескертеді. Әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындарына үндеу тастаған полицейлер осыған ұқсас қандай да бір жағдайдың куәгері болса, жедел түрде 102 нәміріне немесе өзге де арнайы қызметтерге хабар берулерін сұрайды.