Полиция тексеріп жатыр. Төреғали Төреәлі бәлеге ұрынды

Instagram: toregalitoreali
Жағдайға құқықтық баға беріледі, делінген полиция хабарламасында.

Алматы облысының полиция департаменті әнші Төреғали Төреәлінің өлген жануармен түскен суретін тексеріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта Алматы облысының полиция департаменті істің мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру шараларының нәтижелері бойынша түзету шаралары қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылданатыны сөзсіз. Жағдайға құқықтық баға беріледі, делінген полиция хабарламасында.

25 желтоқсанда танымал әнші Instagram парақшасында ашық аспан астында өлген жануармен түскен суретін жариялады. Суретте ол соғып алған түлкісін желкесінен ұстап, олжасына дән разы. Аузынан қан аққан түз хайуаны өлі секілді.

Желі қолданушылары әншіні айыптап, хайуанға аяушылық білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды