Шымкентте бір үйдің талқаны шықты. Зардап шеккендер бар

Шымкент қалалық ТЖД
Алдын ала деректер бойынша, газ балоны жарылған.

Шымкентте жеке үйде газ балоны жарылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылы 7 қаңтарда сағат 06: 20-да диспетчерлік қызметке таңғы сағат 04.49-да Еңбекшіқазақ ауданы, Жұлдыз ықшамауданы, Нвостройка көшесіндегі жеке бір үйде 50 литрлік газ балоны жарылғаны туралы хабар келіп түсті. Жарылыс салдарының 30 шаршы метр болатын үй қабырғасы құлады. Үйдің жалпы ауданы - 144 шаршы метр. Апаттың алдын-ала себебі - қауіпсіздік ережелерін сақтамау, - делінген Шымкент қаласы ТЖД хабарламасында.

Хабарламаға сәйкес, 6 қаңтарда үй иесі қауіпсіздік шараларын бұза отырып, балонға өздігінен сырттан газ құйдырып әкеліп, үйге кіргізген (50 литрлік газ балонын сықа толтырған). Түнде газ иісін сезіп, үй иесі байқаусызда жарық жаққан. Осы себептен жарылыс болды.

Жарылыс салдарынан 1985 жылғы үйдің иесі ауруханаға түсті, екі қолы мен аяқтары және беті күйген, оған 23% , яғни ІІ-ІІІ-дәрежелі күйік диагнозы қойылды. Сондай-ақ 2006 жылғы үй иесінің қызы кеуде қуысының контузиясы диагнозымен, орташа ауырлық дәрежесімен ауруханада жатыр, - дейді қалалық ТЖД

Оқиға орнында Шымкент қалалық ТЖД-ның 13 қызметкері мен 3 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек