БҚО-да мас күйде трактор айдаған жүргізуші жауапқа тартылды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 12:56 Фото: unsplash
"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейд жүргізу кезінде БҚО полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйде трактор көлігін айдаған жүргізушіні анықтады.

22 қазанда түнгі сағат 23.00 шамасында Чапаев – Жаңақала – Сайқын автожолында полицейлер қараңғыда жүрген тракторды тоқтатып, тексерді.

Тексеру барысында жүргізушінің жүріс-тұрысы мен сөйлеу мәнерінен мас күйде екені байқалып тұрған. Тәртіп сақшыларының сұрақтарына жүргізуші мас болғандықтан нақты жауап бере алмаған. Ол Батыс Қазақстан облысындағы аудандардың бірінің 53 жастағы тұрғыны болып шықты.

Медициналық куәландыру қорытындысы оның алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар ресімделіп, сотқа жолданды.

Заңнамаға сәйкес көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін. Осылайша, полицейлер түнгі уақытта мас күйде трактор басқарған жүргізушіні анықтап, жол қозғалысына қатысушыларға төнуі мүмкін қауіптің алдын алды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқармауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: