Атырауда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 7 жылға жүргізу құқығынан айырылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2026 10:52 Фото: Zakon.kz
"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау–Астрахань тас жолында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері өрескел әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берген бірқатар жүргізушіні анықтады.

Атап айтқанда, полицейлер "ВАЗ-2110" автокөлікті жолда апаттық жағдай туғызғаны үшін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің мас күйде екені белгілі болып, ол Атырау облыстық наркологиялық сараптамадан өткізілді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімімен ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Осыған байланысты тәртіп сақшылары барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: