Қатты боранға байланысты Алматы облысындағы республикалық маңыздағы жол жабылды

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, әрі бақылауда. Жол қызметтері жолдарды тазалауда. Автожолда 9 жүк автокөлігі тұр, ал жүргізушілер "Достық" станциясында күтуде.

"Үшарал-Достық" республикалық маңызы бар автожол учаскесі автокөліктердің барлық түрі үшін жабық, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылдың 15 қаңтарында сағат 09.00-ден бастап қатты жел, боран, бұрқасынға, жолдың көрінбеуіне байланысты Алматы облысының Алакөл ауданынында "Үшарал-Достық" (Көктұма а.-Достық а., 84-184 шақырым) республикалық маңызы бар автожол учаскеде автокөліктердің барлық түрі үшін жол жабылды.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, әрі бақылауда. Жол қызметтері жолдарды тазалауда. Автожолда 9 жүк автокөлігі тұр, ал жүргізушілер "Достық" станциясында күтуде.

"Үшарал-Достық" авто және теміржол қатынасы Жоңғар қақпасы деп аталатын учаске арқылы өтеді. Тау өткелінің айта кетерлік ерекшелігі, бұл жерде желдің екпіні секундына 70 метрге дейін жетеді.

Қысқы кезеңнің басынан бастап ауа райының нашарлауына байланысты "Үшарал-Достық" бағытындағы автожолда 12 рет жол жабылды. Сондай-ақ автожолдың осы учаскесінде 47 адам құтқарылып, эвакуацияланды және 18 техника қар құрсауынан шығарылды. Жалпы, 2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңнің басынан бері ел тұрғындарына "112" телефон нөмірі бойынша 2 040 СМС-хабарлама, "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы 678 хабарлама жіберілді. Елімізде 651 рет дауылды ескерту жарияланды. Еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдар 28 рет жабылып, 34 рет шектеу қойылды, - дейді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Алайда, осы ескертулерге қарамастан, адамдар жолға шығып, қар құрсауында қалған жағдайлар болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: