Шымкентте 7,7 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған топ ұсталды

optimism.kz
Топ 2017-2020 жылдары акоммерциялық ұйымдарға салықтан жалтару мақсатында жалған шот-фактура жазған.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті материалдық сыйақыға қаражатты қолма-қолға ақшаға айналдыра отырып, іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазумен айналысқан 8 тұлғадан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз қызметін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу барысында қылмыстық топтың 2017-2020 жылдары аралығында коммерциялық ұйымдарға 7,7 млрд астам теңгені құрайтын салықтан жалтару мақсатында жалған шот-фактура жазу бойынша қызметтер көрсеткені белгілі болды.

ҰҚТ мүшелеріне қатысты ҚР ҚК-нің 28-б. 3-б., 216-б. 3-б. (жалған шот-фактура жазу), 262-б. 1 және 2-б. (ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару), 241-б. (бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу), 24-б. 3-б., 190-б. 3-б. (алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс сотқа жолданды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды