Алматы облыстық соты абыр-сабыр: 8 маманнан коронавирус анықталды

Pixabay
Сот екі аптаға карантинге жабылды.

Соңғы мәліметтер бойынша облыстық соттың 8 маманы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Самат Ауғанов айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Олардың барлығы өз-өзін оқшаулап, үй карантиніне көшті және дәрігерлердің жіті бақылауына алынды, - деді ол.

Сот екі аптаға карантинге жабылды. Сот ғимараты мен оның территориясында қарқынды түрде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы күндері облыстық соттағы сот отырыстарына тікелей қатысуға ықылас білдірген адамдардың жоғары легі байқалды, - деді Ауғанов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды