Алматыда түнгі таксист апатты жағдай туғызып, өзі қашып кетті

zakon.kz
Сейфуллин көшесі не көрмеген.

Алматыдағы Сейфуллин даңғылының бойында, Дегтярев көшесінен сәл төмен жерде көлік аударылды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Nissan жүргізушісі Сейфуллиннің бойымен жолдың оң жағымен солтүстік бағытта асықпай келе жатқанын айтады. Сол жағында Яндекс.Такси деген жазуы бар көлік те келе жатқан екен. Кенет жол жиегінде қол көтерген клиентті байқаған әлгі таксист күрт оңға ойыса жөнелгенде мұндай сұмдықты күтпеген Nissan жүргізушісі қарсы жолаққа қарай қашамын деп, көлігіне ие бола алмай қалды.

Сырғанаған күйі бордюрге соғылған көлік аударылып, ағашқа бір соғылып, Royal Petrol жанармай бекетінің жарнамалық стеласын талқандап барып бірақ тоқтады.

Жүргізуші жарақаттан аман екен. Ал әлгі таксист оқиға орнынан кетіп қалған көрінеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды