Шымкентте кейуана жуынатын бөлмеде екі күн бойы сырттан көмек күтіп жатқан

иллюстрация үшін алынды
Абырой болғанда әжей дін аман.

Шымкентте жалғыз тұратын 90 жастағы әжей жуынатын бөлмеде құлап, екі күн жатып қалған, деп хабарлайды zakon.kz.

"Шымкент қаласы ТЖД "112" құтқару қызметінің пультіне 2021 жылғы 29 қаңтарда сағат 09:36-да әлеуметтік қызметкерден хабарлама келіп түсті. Ол Т. Әлімқұлов көшесінде тұратын 1930 жылы туған өз қарауындағы әже телефон қоңырауларына жауап бермегендіктен, ооның үйіне барғандығын, қоңырау шалғаннан кейін әлеуметтік қызметкер әжейдің әрең шығып жатқан дауысын естігенін жеткізген", деп хабарлайды otyrar.kz.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар кіреберіс есікті ашып берді. Ішкі кіргеннен кейін анықталғаны, қарт әжей жуынатын бөлмеде құлап, екі күн жатып қалған.

Абырой болғанда әжей дін аман, жедел медициналық көмек қажет еместігін айтты. Құтқарушылар әжейді диванға апарып жатқызды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты