Нұр-Сұлтанда арнайы операция жүргізілді. Есірткі мен автомат тәркіленді

видеодан алынды
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 3 келі немесе "марихуананың" 300-ден астам дозасын құрады.

29 қаңтарда жүргізілген арнайы операцияның нәтижесі бойынша Нұр-Сұлтанға есірткі заттарын тасымалдаушы "тұрақты арнаның" көзі жойылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, 37 жастағы Жамбыл облысының тумасы ұсталды, тінту кезінде одан екі оқ-дәрі таспасы және елуге жуық оғы бар АКСУ автоматы тәркіленді. Сараптама тағайындалды.

Ұсталған ер адамның үй-жайын және оның көлігін тінту кезінде үш полиэтилен пакеті және "марихуана" салынған бес орама, 7 миллион 440 мың теңге көлемінде ақша тәркіленді, - деп хабарлады« Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 3 келі немесе "марихуананың" 300-ден астам дозасын құрады, оның жабайы базардағы бағасы шамамен 6 млн теңгені құрайды.

Полицияның мәліметінше, ұсталған адамның әрекетіне ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 4-бөлігі, яғни "Есірткі затын, аса ірі көлемде заңсыз сақтау" бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған: 3 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру және ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі, яғни "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды