Пәтерге қызын шақырған ақтөбелік жігіт 600 мың теңгесінен айырылды

24tv.ua
Сот 31 жастағы алаяқты екі жылға түзеу колониясына қамау туралы үкім шығарды, ал жәбірленушіге 600 мың теңгені қайтаруды міндеттеді.

Ақтөбе тұрғыны қызбен кездесемін деп, 600 мың теңгесінен айырылған, деп хабарлайды zakon.kz.

"Диапазон" басылымы жастар кездескеннен кейін пәтерге барғанын атап өтеді.

Келесі күні ваннаға жуынуға кіріп бара жатып, ер адам қызға тапсырыспен сырттан тамақ алдыруды, ал ақшасын үстел үстіндегі өз телеофонындағы қосымша арқылы төлей салуды сұрайды. Қыз жігіттің айтқанын екі еткізбей орынбайды, бірақ сонымен бірге оның шотынан 600 мың теңгені өз есепшотына аударып алады, - делінген хабарламада.

Кейін ер адам ақшаның жоғалғанын анықтап, полицияға арызданған.

Тергеу барысында күдікті ақшаны өзіне жұмсағанын мойындады. Ал сотта ол сол күні үйіне таныс екі ер адам келіп, жігіттің телефонының құлпын ашуға мәжбүрлеп, ондағы ақшаны өздері аударып алғанын айтты.

Сот 31 жастағы алаяқты екі жылға түзеу колониясына қамау туралы үкім шығарды, ал жәбірленушіге 600 мың теңгені қайтаруды міндеттеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі