Түркістан облысында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері суицид жасамақшы болған жас жігітті құтқарды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Азаматтарға арналған үкіметтің" хабарлауынша, Түркістан облысы бойынша Сарыағаш аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімі бастығының орынбасары Талғат Камилов теміржол өткелінде көпірден секіргісі келген жас жігітті құтқарды.
Талғат Камилов үйіне келе жатып, жолда полиция көліктерін, көп адамдар мен көпірден секірмек болып тұрған адамды байқайды. Ол дереу көмекке жүгірді.
Мен көлігіммен досымның үйіне бара жаттым. Бір кезде топ адамның жиналып, "Секірме" деп айқайлап жатқанын естідім. Мен дереу көліктен түсе салып, солай қарай жүгірдім. Мен оған жақындап келіп: "Қалайсың бауырым, сенің бұлай етуіне не себеп, өз-өзіңе кел" дедім. Одан соң ойлануға уақыт болмады, ортада қандай-да бір тосқауыл болды, мен одан бірден секіріп, оған жетіп бардым. Оның қолы басында тайып кетті, бірақ екінші ретінде қолынан ұстап үлгердім, содан соң "Ұста" деп айқайладым. Мен мұны керемет ерлік деп санамаймын, бұл әрқайсымыздың азаматтық парызымыз, - деді Талғат болған оқиға жайлы.
Оқиға орнына келген азаматтар мен полиция қызметкерлері жігітті құтқаруға көмектесті.
Қазіргі уақытта "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы белсенді азаматтық және әлеуметтік жауапкершілік көрсеткені үшін қызметкерін марапатқа ұсыну туралы мәселені қарастыруда.