Жұмыста ішкен мас жолсерік масқара болып, пойыздан түсірілді

Көліктегі полиция департаменті
Оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Көлік полицейлері жолаушылар пойызында алкоголді ішімдікті ішкені үшін жолсерікті түсіріп алды, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында Арыс-2 станциясындағы Желілік полиция бөлімшесіне "Петропавл-Қызылорда" бағытындағы жолаушылар поезының бригадирі жоғарыда аталған поездың жолсеріктерінің бірі жол жүру барысында қоғамдық тәртіпті бұзғандығы және полиция қызметінің қажеттігі туралы өтініш айтып, арызданды.

Бригадирдің айтуынша, оның әріптесі жұмыс орнында алкогольді ішімдікті ішкен, өзін дұрыс ұстамаған, қоғамдық орында балағат сөздер айтқан, осылайша қоғамдық тәртіп пен жолаушылардың тыныштығын бұзған.

Тексеру барысында көлік полицейлері Қызылорда облысының 26 жастағы тұрғынын анықтады. Пойыз бастығының актісі негізінде құқық бұзушы пойыздан түсірілді.

Жолсерік "орташа" дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болып шықты. Бұны медициналық тексерудің қорытындысы растады.

Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы, яғни, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы, яғни, тыныштықты бұзу, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы ұсақ бұзақылық бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырылды.

Алкогольді ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін, сондай-ақ тыныштықты бұзғаны үшін оған 10 АЕК (29 170 тенге)мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі, яғни, "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Түркістан облысы Арыс аудандық сотының шешімімен оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті