Құтқарушыларға таудан қоңырау шалған жігіт өлі табылды

Shutterstock.com
Дрон теңіз деңгейінен 3 300 метр биіктікке 5 реттен аса көтерілді. Көтерілу кезінде ол құлаған адамның ізін түсірді, бұл құтқарушылардың бағдар алуына және іздеу аймағын оқшаулауға мүмкіндік берді.

Алматы тауында адасқан адамның денесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы тауында жоғалып кеткен адамды іздеу іс-шарасы аяқталды. 2021 жылы 12 ақпанда сағат 14: 30-да бір тәулікке жетпейтін уақытта 1981 жылғын ер адамның денесі Шымбұлақ шатқалынан табылды, - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Іздеудің алғашқы күнінен бастап құтқару жұмыстары нөлдік көріну (тұман) жағдайында жаяу жүргізілді. Іздестіру жұмыстары үздіксіз атқарылды. Қазәуеқұтқарудың KA-32 тікұшағы дайын тұрды, бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты оның ұшуы мүмкін болмады.

Ауа-райы аз-маз жақсарған кезде Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту жөніндегі халықаралық орталықтың дроны қолданылды.

Дрон теңіз деңгейінен 3 300 метр биіктікке 5 реттен аса көтерілді. Көтерілу кезінде ол құлаған адамның ізін түсірді, бұл құтқарушылардың бағдар алуына және іздеу аймағын оқшаулауға мүмкіндік берді. Өрмелеу техникасы мен арқандарды пайдаланып, құтқарушылар шатқалға түсті. Қар көшкіні қаупіне қарамастан, қазіргі уақытта мәйітті тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Бұл 3 сағаттан астам уақытты алады, - деп мәлімдеді Уәли.

Құтқару жұмыстарына барлығы 70 құтқарушы қызметкері мен 12 техника жұмылдырылды.

Айта кетсек, 2021 жылғы 11 ақпанда сағат 15.20-да "112" пультіне 1981 жылғы азамат хабарласып, өзінің "Шымбұлақ" шыңына көтеріліп, жолдан адасып, таудан өз бетімен түсе алмайтындығы туралы айтқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды