Желіде Қызылорда облысында жоғалған баланы іздеу үшін сүңгіруді жалдауға ақша жинау туралы хабарлама тараған, деп хабарлайды zakon.kz.
Optimism.kz сайтының хабарлауынша, әлеуметтік желіде сүңгуірлердің ақысын төлеу үшін ақша жиналып жатқандығы туралы хабарлама тарап жатыр.
Облыстың ТЖД барлық іздеу-құтқару жұмыстары бюджет қаражаты есебінен жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті жүргізетін барлық іздестіру-құтқару шараларына қаражат мемлекет есебінен қамтамасыз етілген. Сондықтан алаяқтардың жалған ақпаратына иланып қалмауларыңызды, сондай-ақ тексерілмеген ақпаратқа ден қоймауларыңызды сұраймыз, - деп хабарлады облыстық ТЖД.
Байқоңырда 20 ақпанда жеті және сегіз жасар екі бала жоғалып кетті. Екінші сынып оқушылары сол күні шамамен сағат 10: 30-да "Маяк" спорт кешенінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Келесі күні Сырдария өзенінің жоғарғы ағысындағы Байқоңыр понтон өткелінен 500 метр қашықтықта бір баланың денесі табылды, ал екіншісі әлі іздестіріліп жатыр.
21 ақпанда Байқоңырда жоғалып кеткен екінші баланы іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылды.
22 ақпанда табылған баланың өліміне механикалық асфиксия себеп болғаны жарияланды.
Іздеу жұмыстарына барлығы 267 адам, 29 техника, бір тікұшақ жұмылдырылды.