Алматыда көпірден секірмек болған ер адамды көпшілік байлап тастады

видеодан алынды
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері Рысқұлов даңғылының екі бағытын да жауып, құтқару шарасына белсенді қатысты.

Алматыда белгісіз жас жігіт көпірдің жиегіне шығып, өз-өзіне қол салмақ болған адамды аман алып қалды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Оқыс оқиға Рысқұлов даңғылы мен Шемякин көшесі қиылысы маңындағы көпірде болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам жаяу жүргіншілер көпірінің жиегіне шыққан. Сөйтіп сол жиекпен көпірдің біресе бір жағына, біресе тағы бір жағына ерсілі-қарсылы жылжып, көліктер ағылып жатқан жол үстіне секірмек болған.

Көліктер тоқтап, ер адамды мұндай әрекетке бармауын сұрап, оны жаман ойынан айнытуға тырысты. Сөйтіп жердегілер ер адамның назарын өздеріне бұрып тұрғанда белгісіз жас жігіт аркаға көтеріліп, ер адамның жанына келіп, ұрып жіберді, содан кейін оны қапсыра ұстап қалды. Жүргізушілер көлік тросын алып шығарып, оны байлап тастады.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері Рысқұлов даңғылының екі бағытын да жауып, құтқару шарасына белсенді қатысты. Кейін ер адамды төменге түсуге көндіріп, оны жедел жәрдемге салды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты