Жер теліміне талас. Әйтей ауылында балдызы жездесін пышақтады

informator.ua
Ол әпкесінің күйеуімен бірге спирттік ішімдік ішкенін, сол кезде арада жер учаскесі үшін жанжал туындағанын айтты.

Алматы облысында жер учаскесінің кесірінен кісі өлімі орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД мәліметі бойынша, 6 наурызда Әйтей ауылында зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды.

Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бөлігі 99-бабы, "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ізкесушілер күдіктіні ұстады. Ол 36 жастағы жергілікті тұрғын - марқұмның әйелінің туған бауыры болып шықты. Ұсталған адам бұрын сотты болған және ол кісі өлтіргенін мойындады, деп атап өтті полициядағылар.

Ол әпкесінің күйеуімен бірге спирттік ішімдік ішкенін, сол кезде арада жер учаскесі үшін жанжал туындағанын айтты. Содан кейін ол көшеде ас үй пышағымен оның жүрек тұсына бір рет соққы бергенін жеткізді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды