Шымкентте бір топ жас жігіт аспанға оқ жаудырып, "братва" деп айқайлаған. Полиция бұл фактіге сәйкес, іс қозғады, деп хабарлайды zakon.kz.
Интернетте Toyota Land Cruiser көлігінің артқа қарай жүріп бара жатқан видеосы пайда болды. Оның жанында тағы екі жол талғамайтын көлік бар. Видеодан жастардың "братва" деп айқайлап, аспанға оқ атқаны көрінеді.
Шымкент қалалық полициясы бұл оқиғаның 6 наурызда болғанын айтты. Toyota Land Cruiser жүргізушісіне қатысты төтенше жағдайдың туындауына соқтыру арқылы жол ережесін бұзғаны үшін, сондай-ақ мұндай маневр жасауға тыйым салынған жерлерде болғаны үшін екі әкімшілік хаттама толтырылды.
Ал мына арада сол оқиға қатысушының бірі өз ісіне өкінетіндігін айтып, ағаттығын мойындауда.
Мен өз кінәмді толықтай мойындаймын, Шымкент қаласының тұрғындарынан кешірім сұраймын, - деді Toyota жүргізушісі.
Полиция видеодағы барлық адамдардың анықталып жатқанын айтты. Әуеге оқ атқандардың кім екендігі анықталды. Зардап шеккендер жоқ.
Аталған фактіге сәйкес, "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеру аяқталғаннан кейін оған қатыстылардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Шымкент полициясы қала тұрғындарынанқұқық бұзушылық куәгері болса, оны суретке немесе видеоға түсіріп, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жолдауды сұрайды.
Біз құқық бұзушылық фактілеріне қатысты шара қолданамыз, - делінген хабарламада.