Түнде Алматы облысында 5 көлік соғысып, 3 адам көз жұмды

zakon.kz
RX300 жүргізушісі белгісіз себеппен Покровка ауылы мен Өтеген батыр ауылының арасындағы жолда қарсы бағытқа шығып кетті.

5 сәуірде түнде Алматы облысының Өтеген батыр ауылына кіре беріс жерде ауыр жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Жылдамдықты тым асырған RX300 жүргізушісі белгісіз себеппен Покровка ауылы мен Өтеген батыр ауылының арасындағы жолда қарсы бағытқа шығып кетіп, Volkswagen Golf көлігін соқты.

Соққы алғаннан кейін Volkswagen қарсы бағыттағы жол жиегіндегі темір қоршауға соғылды.

Lexus онымен тоқтамай, қарсы бағыттағы жолда келе жатқан Pontiac Vibe көлігін бір түйреп өтіп, жылдамдығы басылмаған күйі Audi 100 көлігін қоса соқты.

Қатты соққыдан Audi аударылып қалды. Одан кейін Lexus барып Hyundai Accent көлігін соғып, аударылған.

Апат салдарынан үш адам қаза тапты. Audi-де отырған жүргізуші мен мен оның жолаушысы болған жүкті әйел оқиға орнында қайтыс болды. Кейінірек Hyundai жүргізушісі де жан тапсырды деген мәлімет жетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты