Ішімдікке сылқия тойып алған әйел полицейлерді балағаттап, сот алдынан бір-ақ шықты

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2026 11:57 Фото: pexels
Полиция қызметкеріне былапыт сөздер айтып, құрметтемеушілік танытқан атыраулық әйелге айыппұл салынды. Іс Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, әйел мұндай әрекетке масаң күйде барған. Оның кінәсі сот отырысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауал қою хаттамасымен және бейнежазбамен толық дәлелденді.

Осылайша, сот қаулысымен әйел әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.

Дегенмен, оның жеке басы, материалдық жағдайы және кәмелетке толмаған баласы бар екені ескеріле отырып, айыппұл сомасы 30%, яғни 90 825 теңгеге қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Алматыда жеке клиникада баланы сүндеттеген дәрігердің ісін арнайы комиссия қарамақ екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: