Түркістан облысында арнайы операция жүргізілді

Polisia.kz
Ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды.

Түркістан облысында бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау үшін арнайы операция өткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, Түркістан облыстық полиция департаментіне Қазығұрт ауданының тұрғыны арызданған. Ауыл тұрғыны үш ер адам оны қорқытып, шамамен 4 миллион теңге ақша талап еткенін айтты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға (Бопсалау) тіркеді.

"Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, полиция департаменті мен ҰҚКД жедел бөлімшелердің тәжірибелі қызметкерлерінен бірден бірлескен топ құрылды. Барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, атқарылған жұмыстар аясында осы қылмысқа қатысы бар адамдар анықталды. Олардың барлығы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері болып шықты. Бірлескен жедел іс-шаралардың нәтижесінде тұрғылықты жері бойынша тоғыз адам ұсталды, олар Қазығұрт, Келес және Сарығаш аудандарының тұрғындары. Күдіктілердің төртеуі ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері, ал үшеуі бұрындары бұзақылық, адамды ұрлау және террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды тарту үшін сотталғандары анықталды", деді полициядағылар.

Қазіргі уақытта Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасы осы іске байланысты тиянақты тергеу жұмыстарымен айналысуда. Бүгінде төртеуі сотпен қамауға алынып, бесеуі қолхатта.

"Күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер нөмірлік белгісі зақымдалған шолақ мылтық пен металл кастетті тауып, тәркіледі. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қылмыстық топтың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде", деп хабарлайды құзырлы ведомства.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты