Алматыда Аяжан Еділованы жерлеу рәсімі өтті

Almaty.tv
Туыстарының қолына Аяжанның денесінің қалдықтары мырыш табытқа салынған күйінде тиді.

Алматыда аса қатыгездікпен өлтірілген Аяжан Еділова жерленді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Еділованың бүгін, 16 сәуірде жерленгенін хабарлады.

Өмірге құштар, белсенді, мақсат қойғыш, еңбекқор қыз 20 наурызға қараған түні кісі қолынан қаза тапты. Туыстарының қолына Аяжанның денесінің қалдықтары мырыш табытқа салынған күйінде тиді... Орны толмас қайғы, иманды болсын, деп жазды Тансәрі Facebook-те.

19 наурызда Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділова жоғалып кетті. 22 наурызда ол өлі табылды. Полиция "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеу бастады, бұл іс бойынша Түркістан облысының 1993 жылғы тұрғыны қамауға алынды.

Марқұм қыздың туыстары Аяжанның аса қатыгездікпен өлтірілгенін айтты. Қаскөй оның денесін бөлшектеп тастаған болып шықты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды