Ынтымақтастықтың әлеуеті орасан зор - Израиль президенті Қазақстан жайлы пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль Президенті Ицхак Герцог шағын құрамда келіссөз жүргізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2026 18:01 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль президенті Ицхак Герцог шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогпен еліміздің төрінде жүздескеніне қуанышты екенін айтты.

"Ең әуелі, екі ел арасындағы қарым-қатынастың іргесін қалауға Сіздің әкеңіз, Израиль Мемлекетінің бұрынғы Президенті Хаим Герцогтың ерекше еңбек сіңіргенін атап өткім келеді. 1992 жылдан бері қос халық ортасында тығыз достық байланыс орнады. Өзара ынтымақтастықта, әсіресе, экономика және саяси бағыттарда елеулі табысқа қол жеткіздік. Еліміз Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешім қабылдады. Бұл қадам Таяу Шығыс елдері мен Израиль арасындағы қарым-қатынастың қалпына келуіне Қазақстанның да үлес қосуға дайын екенін көрсетеді. Бүгін біз өзара экономикалық байланыстарымызға қатысты көптеген мәселені талқылаймыз. Өйткені екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Бұл мүмкіндікті мейлінше пайдалану керек", – деді Мемлекет басшысы.

Сурет: akorda.kz

Өз кезегінде, Израиль президенті 1993 жылы Қазақстанға сапар жасаған әкесі Хаим Герцогтың ізін жалғап Ақордаға келгені үшін қуанышты екенін жеткізді.

"Қазақстанға үнемі келгім келетін еді. Мұны шын жүректен айтып отырмын. Өйткені қазақ жерінің көркем табиғаты мен қазақ халқының керемет мәдениеті туралы көп естідім. Менімен бірге өзара серіктестігімізге, әсіресе, жоғары технологиялар саласындағы ықпалдастыққа тың серпін беретін сарапшылар келді. Әлем жаңа дәуірге қадам басқан кезеңде елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті орасан зор", – деді Ицхак Герцог.

Сонымен қатар Израиль президенті Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу және Бейбітшілік кеңесінің жұмысына атсалысу туралы шешімін қолдады.

Бұған дейін Тоқаев Ақордада Израиль президентін салтанатты түрде қарсы алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: