Күйеулері көз тастаған бойжеткенді екі әйел сабап тастады

Pixabay
Осы фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 298-бабы, 2 бөлімі, яғни "Бұзақылық" бойынша алдын ала тергеу басталды.

Көкшетауда екі әйел қызғаныштан бір қызды ауыр соққыға жықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияға 18 жастағы қыз арызданды. Ол 15 сәуірде кафенің бірінде белгісіз әйелдер өзіне қол жұмсап, дене жарақатын салғанын айтты.

Жауап алу барысында жәбірленушінің құрбысының туған күнін кафеде атап өткені белгілі болды, біраз уақыттан кейін белгісіз ер адамдар олардың үстеліне келіп, ілтипат білдіре бастайды. Кейіннен жәбірленуші баспалдақпен төменге түсіп бара жатқанда танымайтын екі әйел оған тап берген, - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Полиция шабуыл жасаған әйелдердің кім екенін анықтады. Осылайша, олар өз "бәсекелестерін" сабасына түсіру туралы шешім қабылдапты.

Осы фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 298-бабы, 2 бөлімі, яғни "Бұзақылық" бойынша алдын ала тергеу басталды.

Жәбірленушіге алған жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Дәлелдемелер негізінде процессуалдық шешім қабылданады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты