Павлодарда ер адам оқушы қызды желі арқылы екі жыл бопсалап, интимге тартқан

Pixabay
Қыз оған ақша ұсынады. Одан кейін жігіт қызды мазалауын қойғандай болған, бірақ онысы ұзаққа созылмады. Ол енді қыздың үйінің жанында қарауылдап келіп алатын болған.

Ешкімнен қайыр болмағандықтан Павлодар облысының тұрғыны "Не молчи" қорына шағымданып, екі жыл бойына өзінің 15 жасар мүгедек қызын 29 жастағы ауылдасы бопсалап, интимге тартып жүргенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның сөзіне қарағанда, ер адам қызды алтыншы сыныпта оқып жүргенде қори бастаған. Ол әлеуметтік желіден мектеп оқушысын тауып алып, өзімен бірге жүрмесе, оны бір топ болып зорлаймыз деп қорқытып, жыныстық қатынас ұсынып, оған хат жаза бастайды.

Анасы қызының әлеуметтік желіде жігітке блок қойғанын айтты, бірақ ол басқа аккаунт арқылы қайта шыққан. Содан кейін қыз оған ақша ұсынады. Одан кейін жігіт қызды мазалауын қойғандай болған, бірақ онысы ұзаққа созылмады. Ол енді қыздың үйінің жанында қарауылдап келіп алатын болған.

Мұны білгенімде бірден полицияға арыз жаздым. Ол адамның қызыма қоқан-лоққы көрсетіп, оның өміріне қастандық жасау туралы хабарламаларының барлық скриншоттары қолымызда бар. Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабымен екі айға дейін қамауға алынады немесе түзеу жұмыстарына жегіледі әрі оған 200 АЕК-ке дейінгі айыппұл салынатынын айтты, - деп келтіреді Дина Таңсәрі алаңдаулы ананың сөзін келтіріп.

Павлодар облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 123-бабы - жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Күдікті ер адам анықталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу шаралары жүргізілуде. Бұл істің тергеуі бақылауда, - дейді полиция.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?