Жаркентте екі студент бензин буына уланып қаза тапты

видеодан кадр
Сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде.

Алматы облысында гараждан кәмелет жасқа толмаған екі бозбаланың мәйіті табылды. Қайғылы оқиға Жаркент қаласында болған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Өңірдегі полиция департаментінің хабарлауынша, марқұмдардың екеуінің де жасы 17-де болған екен. Колледж студенттері болжам бойынша жер үйдің гаражында көлікті жөндеу кезінде бензин буынан уланып, көз жұмыпты. Қазіргі таңда мамандар қайғылы жағдайдың нақты себебін білу үшін сотқа дейінгі тексеріс жүргізіп жатыр.

Ақбота Әзірбек, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:

Қинап өлтіру белгілері анықталмады. Алдын ала болжам бойынша жәбірленушілер автокөлікті жөндеу кезнде бензин буымен уланған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды