SMS жіберіп үлгерген. Грузияға жұмыс іздеп барған Әсел жұмбақ жағдайда көз жұмды

24.kz
Сіңлісінің айтуынша, Әсел Айтпаева Грузияға туысқанының шақыруы бойынша уақытша табыс табуға кеткен екен.

Грузияда белгісіз себептерге байланысты 26 жастағы қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Хабар 24" бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі мен Грузияның Ішкі істер министрлігі растағанын хабарлады.

Марқұмның есімі - Әсел Айтпаева. Оның немере сіңлісі қыздың ажал құшар алдында құрбысына аудиожазба жіберіп үлгергенін айтты. Онда белгісіз ер адамның қоқан-лоққы көрсеткен даусы жазылып қалған. Сіңлісінің айтуынша, Әсел Айтпаева Грузияға туысқанының шақыруы бойынша уақытша табыс табуға кеткен екен. Бірнеше күн бұрын байланысқа шықпай қалған. Соңғы аудиожазба 5 мамырда келген.

Айна Айтпаева, марқұмның сіңлісі:

– Басында ешқандай күмән мен күдік болмады. Өйткені шақырған адам туысқанымыз. Екіншіден, ол жақтағылар орыс тілін жетік білетін маманның болмауына байланысты жұмысы жүрмей жатқанын айтты. Ал қазақстандық азаматтар Грузияға көлік сатып алу үшін жиі барады екен. "Грузияда орыс тілінде сөйлейтін адамдар аз, сатылым бойынша кеңес беретін консультант қыз керек", - деді. Асығыс шешім қабылдағанамыз да сондықтан. Тбилисиден 20 шақырым қашықтықта жатқан жерге барған. Аудиожазбада грузиялық азамат қызды қалай қорқытып, ұрғаны туралы айтқан. Менің түсінуімше, әпкем қорлыққа шыдамаған сияқты. Нақты білмедім. Мүмкін ол грузиялық азамат көмектескен болар. Кімнің кімге сес көрсеткенін дөп басып айта алмаймын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады